Қазақстан қанша мемлекетпен визасыз режим орнатқан?

Біздің қызметкерлер көші-қон қызметін бақылауды жүзеге асыруда заң нормаларын қатаң ұстанады. Яғни ел азаматтарының ғана емес, сондай-ақ шетел азаматтарының да құқығы мен мүддесін қатар қорғайды. Бұл Қазақстанды әлемдік қоғамдастықта қауіпсіз ашық құқықтық мемлекет ретінде көрсетеді. Және еліміздің туристік ықпалын арттырып, инвестиция тарту мүмкіндігін кеңейте түседі. Бүгінде көші-қон процесі тез өзгеріп отырады. Дегенмен уақытылы қабылданған құқықтық-нормативтік заңнама оны реттеуге оң септігін тигізіп жатыр. Әлемдік көші-қонда біздің елдің геосаяси маңызы ерекше. Әсіресе мигранттар ағыны Орталық Азия елдері, Ресей мен Қытайға тиесілі, — деді Мұрат Баймұқашев.

Вице-министрдің айтуынша, кейбір шетел азаматтары үшін Қазақстанға келуге виза талап етіледі.

Бүгінде Қазақстан 73 мемлекетпен визасыз режим орнатты. Атап айтқанда, 19 мемлекеттің азаматы елімізге жалпыазаматтық төлқұжат арқылы келе алады. Оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері де бар. Ал 54 мемлекетпен біржақты тәртіптің негізінде визасыз режим орнатылды. Оның қатарына экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері жатады, — дейді ол.

Бұған дейін министр орынбасары шетелдік еңбек мигранттары есебінен ел бюджетіне 30 миллиард теңгеге жуық қаржы түскенін мәлім еткен болатын.