Енді елді мекендердің тарихи атауы өзгеріссіз жазылады

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасын талқылау барысында сенаторлар өзгерістер енгізу қажеттігін мәлімдеді.

Білім және ғылым министрі Асхат Айғамабетовтің айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты – деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сай және мәтіндердің түпнұсқасына сәйкестігін сақтау арқылы қатесіз жазу.

Жобада елдегі әкімшілік атаулардың, бірліктердің, географиялық және физикалық нысандардың атауларын жазу нормалары қарастырылған. Алайда елді мекендердің орыс немесе басқа тілдерде жазылуы өзгеріссіз қалады.

Мысалы, Мичурино ауылы сол күйі қалады, қазіргідей Мичурин ауылы деп өзгертілмейді. Андреевка ауылы Андреев деп жазылмайды. Монастырская көшесі Монастырь көшесі деп аударылып жүр, енді ол Монастырская деп өзгеріссіз қалады. Мәселен, Аққулы деген ауыл болса, оны Лебяжье деп аудармай, сол күйі Аққулы деп жазамыз. Орал қаласы «Уральск» емес, Орал қаласы ретінде түпнұсқамен жазылады, — деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, Қазақстан ратификациялаған келісімдерге сәйкес жол белгілері, қажет болмаса тек қазақ тілінде толтырылады.

Қызылордадағы кішігірім ауылда айналма жол деген белгі тұрса, қолданыстағы заң бойынша оны міндетті түрде «айналма жол», «объезд» деп жазу керек. Енді халықаралық жол болмаса, туристер келмесе, тек қана қазақтар тұратын шағын ауылда тек бір тілде жазуға мүмкіндік беріліп отыр. Ал егер халықаралық жол болса, онда басқа тілдерде жазу мүмкіндігі қалады, — деп түсіндірді ведомство басшысы.

  • Айта кетейік, бұған дейін Сенатта «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңның жобасы қабылданған болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да