«Барыс» хоккей клубына жаңа бапкер тағайындалды

Клубтың баспасөз қызметінің дерегінше, екі жақты келісім 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін бір маусымға есептелген.

Ол дене шынықтыру даярлығы бойынша жаттықтырушы қызметін атқарады, − делінген хабарламада.

Айта кетейік, Иван Скобрев Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, конькимен жүгіру спорты бойынша Әлем және Еуропа чемпионы. Соңғы төрт маусымда маман Мәскеудің «Динамо» жаттықтырушылар штабында жұмыс істеген. Сонымен бірге жаңа бапкер өзінің Instagram-дағы парақшасында жақсы жаңалықпен бөлісті.

Жаңа ел, жаңа қала, бәріне таныс команда және сүйікті ойын!, − деп жазды Иван Скобрев.