Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийге жеделхат жолдады. Бұл туралы Президент Тwitter-де жазды.

Владимир Зеленскийге Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым, — деп хабарлады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Украина Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру хаттамаларының 90,25%-ын өңдегеннен кейін додада Владимир Зеленский 73,18% дауыспен жеңіске жеткені алдын ала белгілі болды. Петр Порошенко 24,4% дауысқа ие болған.

Президент сайлауының ресми қорытындысы 30 сәуірде жария болады. Еске салайық, Украинадағы Президент сайлауының бірінші туры 31 наурызда, екінші туры 21 сәуірде өтті.