Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мун Чжэ Ин келіссөз жүргізді

Оңтүстік Корея Президенті өз сапарының екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығы қарсаңында маңызы зор екенін айтты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен шағын құрамда келіссөздер өткізді.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, шағын құрамдағы келіссөздер ҚР Президенті резиденциясында ресми қарсы алу рәсімінен кейін өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Иннің алғашқы мемлекеттік сапары Қазақстан-Оңтүстік Корея арасындағы саяси диалог пен экономикалық іс-қимылдардың дамуына серпін беретінін атап өтті. Президент күн тәртібіндегі барлық мәселеге қатысты табысты келіссөздер өтіп, екіжақты тиімді шешімдер қабылданатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мун Чжэ Инмен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Мун Чжэ Инмен кездесті. Фото: Аkorda.kz

Президент мырза, Нұр-Сұлтанға қош келдіңіз! Біз кеше екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқыладық. Бұл — Сіздің Қазақстан Республикасына алғашқы мемлекеттік сапарыңыз. Кеше Сіз ұлттық батырларыңыздың мәйіттерін Отанға қайтарған маңызды рәсімге қатыстыңыз. Осы оқиғаға орай құттықтауымды қабыл алыңыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин Қазақстанға мемлекеттік сапармен шақырып, жылы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, бұл сапар биыл аталып өтетін Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығы қарсаңында ерекше маңызға ие.

Қазақстан — Еуразия құрлығында бейбітшілік орнатуға және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған Корея Республикасының «Жаңа Солтүстік саясатын» жүргізудегі негізгі әріптесі. Менің бұл сапарым екіжақты қарым-қатынастарды ғана емес, сонымен қатар Корея Республикасы мен Орталық Азия елдері арасындағы көпжақты өзара іс-қимылдарды нығайтуға серпін береді деп үміттенемін, — деді Оңтүстік Корея Президенті.

Кездесуде тараптар саясат, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты, сонымен бірге екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарын талқылады.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

25-27 наурыздағы доллар бағамы қанша?

Ұлттық банк шетел валюталарының теңгеге шаққандағы бағамы қанша болатынын жариялады. Kurs.kz дерегі бойынша, демалыс күндері және дүйсенбі күні 1 доллар бағамы 457,29 теңге болады. Ресей...

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Қазақстанда кейінгі тәулікте 22 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Әлихан Смайылов үкіметтің алдағы жұмыс жоспарларына тоқталды

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің алдағы уақытта шешетін негізгі міндеттерін атады.

Алматыда үш қабатты дәмхананың шатыры өртенді

Алматыда үш қабатты дәмханадан өрт шықты. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Президенттің 29 наурызда сөйлейтін сөзі тікелей эфирден көрсетіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді.

Ақтөбенің бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.