Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда Батырхан Шүкеновтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Batyr.Live» фотокөрмесі өтіп жатыр

©ҚазАқпарат

Батырхан Шүкеновтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме әншінің атындағы қордың ұйымдастыруымен Esentai Mall галереясында өтіп жатыр.

Онда қойылған суреттерді таңдаумен, дизайнымен Батырдың досы қазақстандық суретші Нұрлан Төреханов айналысқан.

Көрмеде фотограф Николай Постниковтың авторлық суреттері де қойылған. Ол Батырмен бірге «Джулия» бейнебаянын түсірген кезден бастап, өмірінің соңына дейін жұмыс істеген.

«Бұл жерде бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған суреттер бар. Олардың көбі фотографиялық пленкада болды. Аталған көрмені ұйымдастыру былтырдан бері ойымызда жүрген еді. Биыл жүзеге асты. Бізге қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» қорына алғысымызды білдіреміз!»- деді Батырхан Шүкенов атындағы қордың директоры Олжас Байқанов.

Көрме 16 қазанға дейін созылады. Кіру тегін. Суреттерді сатып алуға болады. Бағасы 100 доллар көлемінде.

Батырхан Шүкеновтың фотолары
©ҚазАқпарат
Батырхан Шүкеновтың фотолары
©ҚазАқпарат
Батырхан Шүкеновтың фотолары
©ҚазАқпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *