Басты бетЖаңалықтарДемалыс күндері...

Демалыс күндері жылы бола ма?

Еліміздің солтүстік облыстарына көктем әзір келе қоймайды. 20-22 сәуір күндері ауа райы қандай болатынын болжаған «Қазгидромет» кәсіпорнының синоптиктері осылай деп отыр.

Қазақстанның оңтүстігінде көктем күшіне енді, ал республиканың солтүстігінде, керісінше. Мұнда алдағы демалыс күндері жылбысқы қары мен климаттық нормадан 3-5 градусқа төмен болатын 10 градус аязға дейінгі түнгі температурасы бар бұлтты ауа райы әлі жалғасады. Мұндай ауа райы Баренц теңізі арқылы Кар теңізіне бірінен кейін бірі жылжитын белсенді циклонмен байланысты, ал осы циклонның жүйесіне енетін Арктика фронттары Қазақстанның солтүстігіндегі ауа райына ықпалын тигізеді, — деп хабарлады синоптиктер.

Мамандардың мәліметінше, республиканың оңтүстік облыстары бұрынғыдай оңтүстік фронтал бөліктердің және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Соған байланысты демалыс күндері жаңбыр, кей жерлерде толассыз нөсер жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Бірақ күн жылы болады, күндіз ауа температурасы 15-22 градус жылыға дейін жоғарылайды, бұл температураның орташа көпжылдық шамасына жақын.

20 сәуір күні Қазақстан аумағының басым бөлігі республиканың оңтүстігінде шоғырланған циклонның ықпалында болады, соған байланысты күн жауын-шашынды (қар, жаңбыр) болады, оңтүстікте нөсер жауады. Тек батыста және солтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Республиканың түрлі өңірінде тұман түседі, көктайғақ болады, найзағай ойнайды, жел күшейеді, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.

Атап айтқанда, Жамбыл облысында тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады, Түркістан облысында да бұршақ жауып, 15-20 м/с жел соғады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 15-20 м/с-ке күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында да 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ болады. Қостанай облысында да тұман түседі, жел күшейеді. Ақмола облысында көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең кей жерлерде бұрқасын соғады. Павлодар облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, екпіні 18 м/с-ке жететін жел соғады. Алматы облысында 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман түседі.

20-22 сәуір күндері Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні қаупі күшейеді.