Орталық сайлау комиссиясы бір саяси партияны таба алмай отыр

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда тіркелген жетінші саяси партияны таба алмай отыр. Бұл туралы ОСК отырысында комиссия мүшесі Зәуреш Баймолдина айтты.

Қазіргі уақытта, Әділет министрлігінің мәліметінше, 7 саяси партия бар. Бірақ мен мұнда 1,5 жылдан бері жұмыс істеймін, жетінші саяси партия хабар-ошарсыз. Біз хат жолдаймыз, ешқандай жауап келмейді. Біз оларды шараларға шақырғанда ол партияның өкілдері келген емес, — деді Зәуреш Баймолдина.

Айта кетейік, қазіргі уақытта елімізде белсенді қызмет ететін алты саяси партия бар: Nur Otan, «Ақ жол», ҚХКП, «Ауыл», «Бірлік» және ЖСДП.

ДереккөзZakon.kz