Қазақстанда Гагарин деген есімді 37 адам тұрады. Бұл туралы мәлімет ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен алынды.
Аты тұңғыш ғарышкердің құрметіне қойылған 37 адамның 35-інің ұлты — қазақ. 37 Гагариндердің 9-ы — Түркістан облысының, алтауы — Алматы облысының, бесеуі — Маңғыстау облысының азаматтары.
Ақмола облысында мұндай есімді 3, Қарағанды облысында 3, Ақтөбе облысында 2, Қызылорда облысында 2, Батыс Қазақстан облысында 2, Павлодар облысында 2 адам тұрады. Гагарин деген атты иеленген бір-бір тұрғын Алматыда, Шымкентте және Жамбыл облысында да бар.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Елбасы есімін иеленген қанша азамат бар екені туралы жазылған еді.