Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да кадрлық өзгеріс жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Мұрат Бектанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды;
Бақыт Құрманбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;
Марат Оразаев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды;
Алмаз Нұразхан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды;
Ержан Бабақұмаров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды;
Ерлан Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды;
Талғат Момышев Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Мұрат Майкеев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметінен, Талғат Жанжүменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен, Қуатжан Уәлиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен, Қанатбек Сафинов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.