Басты бетЖаңалықтарАмандық Баталов...

Амандық Баталов мереке қарсаңында жетісулық нәзік жандарды қабылдады

Әйелдердің халықаралық күні қарсаңында облыс әкімі Амандық Баталов жетісулық 200 нәзік жанды қабылдады. Бұл туралы Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы хабарлады.

Талдықорғандағы Б.Римова атындағы жаңа драма театрда 8 Наурыз – Әйелдердің халықаралық күніне орай салтанатты жиын өтіп, онда облыс әкімі Амандық Баталов 200-ге жуық әйелді мерейлі мерекемен құттықтады. Облыс әкімі Алты жетісулық анаға Алтын алқа мен Күміс алқа тапсырып, құрмет көрсетті. Амандық Баталов әйелдер қауымына денсаулық пен бақыт тілеп, алғысын білдірді.

Шара мерекелік концертпен қорытындыланды. Ана, көктем, жастық тақырыптарындағы әндер шырқалып, өлеңдер оқылды. Көрермен қазақ эстрадасының белді өкілдері Тоқтар Серіков пен Әйгерім Қалаубаеваның, облыстық ұжымдардағы әншілер мен бишілердің, әртістердің, жас өнерпаздардың өнеріне тәнті болды.