3 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түседі, оңтүстіктін тауларында нөсер жауады, тек республиканың шығысында күн жауын-шашынсыз болады.
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, Түркістан облысында нөсер мен бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Қызылорда облысында да тұман түседі, шаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Ақмола облыстарында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында күн тұманды болады, Ақтөбе облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады. Аталған өңірлерде ескерту жарияланды.
Кіші Алматы шатқалында қар көшкіні қаупі байқалады. Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.