«Қазгидромет» кәсіпорны синоптиктерінің болжамына қарағанда Жамбыл облысында тұман түсіп, екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 30 м/с-ке жөне одан да жоғарыға күшейеді. Облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.
Түркістан облысында найзағай ойнайды, тұман түседі, бұршақ жаууы ықтимал, жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.
Қызылорда облысында тұман түседі, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, екпіні секундына 28 метрге жететін жел соғады. Облыста соған байланысты ескерту жарияланды.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, екпіні 23 м/с-ке жететін жел соғады. Манғыстау, Қостанай, Қарағанда облыстарында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады. Ақмола, Павлодар облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. Алматы облысында 15-20 м/с жел соғады.
1 сәуірде Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні қаупі әлі де күшті болады. Шығыс Қазақстан облысында өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.