Қазақстанның Президенті мен Тұңғыш Президенті Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысты.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументінің алдында орналасқан этноауылға барды. Этноауыл аумағында театрландырылған көріністер, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар, қолөнершілер көрмесі және ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін шаралар ұйымдастырылды.
Елбасы мен Қазақстан Президенті атауы өзгерген қала қонақтары мен тұрғындарын, барша қазақстандықты Наурыз мерекесімен құттықтап, бақ-береке тіледі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шаңырақ көтеріп жатқан жастарға батасын берді.