Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгеріс жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бұған дейін Ақмола облысын басқарған Мәлік Мырзалин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Ақмола облысының әкімі қызметінен босатылсын, — делінген жарлықта.
Ақмола облысының әкімі болып Ермек Маржықпаев тағайындалды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Қожамжаров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Қайрат Қожамжаров бұған дейін ҚР Бас прокуроры қызметінен босатылып, оның орнына Ғизат Нұрдәулетов тағайындалған еді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Азамат Әмірғалиев Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. Данияр Айтмұхаметов Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.