Өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді, онтүстікте найзағай ойнайды, шаңды дауыл көтеріледі.
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанда облыстарында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Алматы облысында тұман түседі, жел екпіні 17-22 м/с-ке дейін күшейеді. Түркістан облысында найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады. Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазакстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін. Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейнінде қар көшкіні қаупі бар. Қызылорда облысында тұман мен күшті желге байланысты ескерту жарияланды.