ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қамауға алынды.
Оған қамауға алу түрінде шара қолдану туралы сот шешімі 16 наурыз күні шығарылған.
Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ислам Әбішевке қатысты екі ай мерзімге — 2019 жылдың 14 мамырына дейін қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын белгіледі, — деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.
Шенеунікке қандай айып тағылып отырғаны жария етілген жоқ. Айта кету керек, 15 наурыз күні Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевтің қызметтен босатылғаны хабарланған еді.