Қазақстанда ісік геномы зертханасы салынады

Медициналық көмек тақырыбына арналған Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде ісік геномы зертханасы қашан салынатынын айтты.

Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың аясында онкологиялық патологияны анықтауды арттыруға және ерте диагностикалауға бағытталған іс-шаралар атқарылып жатыр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында Кешенді жоспарда ескерілген барлық көрсеткішке қол жеткізілді, — деді министр.

Министрдің айтуынша, тиімділігі жоғары ерте диагностика кезінде, яғни 0-I сатыларда анықталған алғашқы қатерлі ісіктің үлесі 26,2%-ға артты (2017 жылы — 24,7%, 2022 жылғы мақсат — 33,5%). Оның сөзіне қарағанда мониторинг бойынша кадр әлеуетін және ғылымды дамыту, сонымен бірге шетелдің жетекші онкологиялық ұйымдарымен меморандумдар жасау жоспарланған.

2021 жылға клиникаға дейінгі зерттеу орталығын құру, сонымен қатар 2021 жылға қарай ісік геномы зертханасын құру жоспарланған, — деді Елжан Біртанов.

Үкімет сағаты барысында министр қазақстандықтар қатерлі ісіктің қай түріне жиі шалдығатынын да айтты.