2019 жылы күн мен түннің теңелуі қай кезде болады?

Көктемгі күн мен түннің теңелуі (Күн дискісінің орталығы өз қозғалысымен аспан экваторын кесіп өтетін сәт) Астана уақыты бойынша 21 наурыз күні 03 сағат 59 минутта басталады, — дейді ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетi «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институтының директорының ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рашит Валиуллин.

Рефракция (Күн сәулесінің атмосферада сынуы) құбылысына байланысты Күн математикалық көкжиекті нақты кесіп өткеннен бұрын да көтерілген сияқты болып көрініп тұрады, сондықтан 18 наурызда күн мен түн бірдей болады, бірақ күн мен түннің теңелуі деп бұл сәтті айтпайды.

Бұл уақытта қандай өзгерістер болады?

Солтүстік жарты шар тұрғындары, соның ішінде қазақстандықтар үшін көктемгі күн мен түннің теңелуіне дейінгі және одан кейінгі өзгерістер қыс пен жаздың арасындағы өтпелі маусым —  көктемнің тууына байланысты.

Қандай астрономиялық-метеорологиялық құбылыстардың көктемгі теңелу құбылысына қатысы бар?

Көктемгі күн мен түннің теңелуі кезінде ешқандай астрономиялық құбылыстар болмайды, — дейді Астрофизика институтының мамандары.

Еске салайық, күн мен түннің теңелуінің алдында күннің қысқы тоқырауы болады. 2018 жылы ол 22 желтоқсанда болды, бұл күні күн мейлінше қысқарып, ең ұзақ түн болады, бұдан кейінгі күн бірте-бірте ұзара бастайды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!