Өтетін орны — Алматыдағы Тиіннің (Тимирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысы) жанындағы алаң.

22 наурызда Наурыз мерекесі аясында Алматыдағы «Атакент» алаңының алдындағы Тиіннің жанында жылдың ең жарқын оқиғасы өтеді! Қаланың жаңа символына айналған әлемдегі ең үлкен Тиін Nowryz Party отбасылық көктемгі фестиваліне қонақтарды қайта жинайды.

Тиіннің алдындағы алаң алматылық жастар үшін айтулы орынға айналды. Туристерге ол қаланың басты көрікті жерлерінің бірі ретінде көрсетіледі. Nowryz Party отбасылық көктемгі фестивалі қала билігінің сапалы урбанистика мәдениетін, Алматы тұрғындары мен қонақтарына жайлы әрі ыңғайлы  ете отырып, қала кеңістігін дамыту ниетін қолдайды.

Фестивальге орай Тиін өз имиджін өзгертеді: оның басында жарқыраған тақия пайда болады, ал жаңғақтың орнына ол қызғалдақты ұстайды. Оның жанына киізүй орнатылады, онда бауырсақтан ауыз тиіп, ұлттық музыкалық аспаптарда ойнауды үйренесіз, ұлттық зергерлік әшекейлер немесе киіз бұйымдарын жасауда мүмкіндіктеріңізді сынап көруіңізге болады. Рекреация аймақтары картон киізүй жасау мен оны безендіруге арналған мастер-кластарға шақырады.

Сәуле Дүйсембинаның «Сәукеле» авторлық арт-объектісі фестивальдің ерекше декоратив элементі болады.

Қонақтарды сағат сайын тегін тамақ: бауырсақтар мен дәмді палау күтеді. Сонымен бірге фестиваль қонақтарын №1 Импровизация театры артистерінің қойылымдары күтеді, ал кеш фаер-шоумен қорытындыланады.

Қазақтар ертеден Наурыз мейрамында көңілді жарыстар өткізді. Бұл Nowryz Party де одан кем болмайды. Фестиваль қонақтарын барлық отбасыға арналған дәстүрлі және заманауи сайыстар: асық, арқан тарту, қыз қуу, түйме алу, орамал және басқа да қызық байқаулар күтіп тұр.

Бүгінгі Алматы — бұл дәстүрлер мен жаңа жетістіктердің бірегей үйлесімі. Сондықтан ультразамануи моноциклистер шоуы Nowryz Party-дің концептіне тамаша сәйкес келеді. Қаланың үздік диджейлері: Нариман Исенов, Arsen Superfly, Light Monday номад стиліндегі музыкамен сүйемелдейді. Номад стилі — дәстүрлі сарындар мен қазіргі заманғы дыбыстаудың жарасымын (jazz, funky, rock және fusion) тың тәжірибемен жеткізу.

Фестивальді ұйымдастырушылардың бірі Майра Измайлованың айтуынша, Nowryz Party  отбасылық көктемгі фестивалі — Наурызды өткізудің стандарт емес тәсілі, атап айтқанда, дизайн, өнер, интерактив арқылы дәстүрді қазіргі заманға сай көрсету. Фестиваль қала тұрғынына салт-дәстүрді қазіргі заманғы өмір салтына біріктіруге мүмкіндік береді және дәуірдің батыл миксін жасайды.

Фестивальді ұйымдастырушы: Алматы әкімдігінің қолдауымен Funk креатив агенттігі.

Ақпараттық демеушілер: Baribar.kz ақпараттық-танымдық порталы мен «Курсив» іскерлік порталы.

NowRyz Party-дің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары:

Facebook:

Art Energy Almatyhttps://www.facebook.com/artenergyalmaty

Instagram:

@artenergykzhttps://www.instagram.com/artenergykz

Барлық қосымша сұрақты жобаның кураторына қоюға болады: Алеся Нугаева — +7 707 700 82 58

Nowryz party, Тиін

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!