Тиін Winter Family Party
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Майра, Winter Family Party-дің мақсаты қандай? Фестиваль туралы не айтасыз?

Жаңа жылға дейін қаламыздағы әйгілі Тиіннің жанында Winter Family Party отбасылық фестивалін өткізуді ойластырған едік. Фестивальдің идеясы — алматылық отбасыларды біріктіріп, оларға тамаша жаңажылдық көңіл-күйді сыйлау. Шара аясында тегін қатысуға болатын көптеген іс-шара өткізу жоспарланған. Алматылық музыкалық топтардың концерті, жаңажылдық hand made жәрмеңкесі дайындалып жатыр, жалпы айтқанда, әлемнің барлық ірі қаласында  өтетін дәстүрлі жаңажылдық бағдарлама. Шараның мақсаты — алматылықтар мен қала қонақтарына, балалар мен ересектерге мереке сыйлау.

Майра Измайлова
Майра Измайлова. Фото: Theworldnews.net

Winter Family Part-дің ерекшелігі неде? Фестиваль қонақтарын басқа мерекелік шарада болмаған қандай жаңа оқиғалар күтеді?

Біздің мерекелік шарамыздың ерекшелігі — 11.00-де басталып, 20.00-ге дейін жалғасады. Бұл — балаларға, олардың ата-аналарына арналған ойын-сауық, байқаулар, отбасылық эстафеталар, мұзайдында мәнерлеп сырғанаушылардың қойылымдары, зумба-марафон. Фестивальдің маңызды оқиғасы күннің екінші жартысында өтеді: фестиваль қонақтары Алматыда тұңғыш рет Тиінде Жаңа жыл тақырыбындағы видеопроекцияны тамашалайды. Ол 22-23 желтоқсандағы екі мерекелік кештің шарықтау шегі ретінде көрсетіледі.

Оқырмандарымызға мерекеге дайындық процесін айтып беріңізші.

Фестивальді өткізу үшін көп уақыттан бері дайындалып келеміз, идея мен бағдарламаны күзде ойластырып қойдық, оны жекеменшік және мемлекеттік серіктестерімізге ұсындық, олар дұрыс қабылдады. Содан бері командамыз мерекеге тұрақты дайындықты бастады.

Фестивальдің екі күндік бағдарламасы бірдей, бірақ бұл келушілерді жалықтырмайтын болар?

Жоқ, аудитория жалықпайды. Алғашқы күні болғандардың барлық байқауға қатысып үлгеруі екіталай. Өйткені байқаулар мен қызықтар өте көп болады және адамдар бағдарламада көрсетілген ойын-сауықтың барлығына бірдей қатыса алмайды. Бірінші күні қатысып үлгермегендердің екінші күні де келіп, ойын-сауықтың барлық түріне қатысуына болады. Келушілерге күніне рет-ретімен 20-ға жуық шара ұйымдастыруға кепілдік береміз, сондықтан адамдар жалықпайды деп ойлаймын.

Ауқымды іс-шараларды ұйымдастырудағы ең қиын нәрсе не? Қандай қиындыққа тап болдыңыздар?

Әр шараның өз қиындығы мен нюанстары болады. Негізінен, қаржыландыру, серіктестерді іздеу — ең күрделі сәттердің бірі. Егер сізде жақсы жұмыс істейтін команда болса, онда бұл қиындықтардың барлығы шешіледі және бізде мұндай команда бар. Сонымен бірге орын, келісім, түрлі қызметтер бойынша әкімшілік сұрақтар туындайды. Мұның барлығы шешіледі, бірақ көп күш пен уақытты талап етеді. Оған қоса іс-шараның маңызды бөлігі ауа райына байланысты, ол қазір мерекелік көңіл-күйге сай болып тұр, бүкіл фестиваль кезінде осындай болып қалғанын қалаймыз.

Шығармашылық тапсырмаларды ұнататындар үшін «Аққала шыңы» деген ерекше байқау дайындадыңыздар. Бұл байқауға қатысушылардың белсенділігі қандай?

Бұл — Алматыда алғаш өткізіліп отырған ерекше экоарт байқау. Оның мақсаты — пластик қалдықтарын жинау, қатысушылар берілген форма, модуль және тағы басқалары бойынша тұрмыстық қалдықтардан аққала құрастыруы қажет. Қала бойынша аққала жасауға арналған материалдар үшін арнайы контейнерлер қойылған.

Қатысушылардың белсенділігін фестиваль кезінде  бағалай аламыз. Ал әзірге тек адамдардың ілтипат білдіріп, қатысқысы келгенін көріп отырмыз. Бұл конкурстың көптеген қатысушылары болатына және олар байқаудың идеясын ұнатады деп үміттенеміз.

Осы фестивальді сізбен бірге ұйымдастырған команда туралы айтып беріңізші.

Біздің команда шамамен 4 жыл бұрын құрылды. Командамызбен жиырмасыншы фестивальді өткізіп отырмыз, орташа есеппен Астана мен Алматыда жылына 4-5 ірі қалалық фестиваль ұйымдастырамыз. Бұл кәсіби мамандар тобы: кәсіби менеджерлер, PR-менеджерлер, контент-менеджерлер, продюсерлер, арт-директорлар, шығармашылық директорлар, техникалық директорлар. Мен олардың әрқайсын мақтан тұтамын және өз командамды бағалаймын. Біз өз жұмысымызды жақсы көреміз.

Winter Family Party фестивалінің қатысушыларына, әсіресе, мұндай шараға алғаш рет келетін қонақтарға қандай кеңес берер едіңіз?

Бүкіл отбасымен мерекеге келуге, барлық жарысқа қатысуға, ашық болуға, жақсы көңіл-күймен рахатқа бөленуге, қуанып, айналадағы адамдарды жақсы көруге кеңес берер едім. Келіңіздер, бізде өте қызық болады. Барлығыңызды Winter Family Party-де күтеміз!

Winter Family Party-дің әлеуметтік желідегі ресми парақшалары:

Facebook: Art Energy Almaty — https://www.facebook.com/artenergyalmaty

Instagram: @artenergykz — https://www.instagram.com/artenergykz