Қазақстандықтардың орташа айлық ақшалай табысы қанша?

2019 жылғы қаңтарда Қазақстан халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 94 975  теңге болды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет мамандарының мәліметінше, бұл көрсеткіш 2018 жылғы қаңтарға қарағанда 10,5%-ға жоғары, аталған кезең ішінде нақты ақшалай табыс 5,1%-ға өсті.

Ақшалай табыс
Инфографика: Stat.gov.kz

2019 жылғы қаңтарда халықтың атаулы ақшалай табысының құрылымында жалдамалы жұмыспен қамтылудан түскен табыс 70,9%, өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс 11,2%, әлеуметтік трансферттер түріндегі табыс 16,8% және өзге де ақшалай табыстар 1,1% болды.