Дмитрий Баландин Словениядағы турнирде төртінші алтын медаль жеңіп алды

Словенияда жүзуден әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарына іріктеу сайысы саналатын халықаралық турнирдің екінші жарыс күні аяқталды. Қазақстандық  Дмитрий Баландин бұл сындағы төртінші алтынына қол жеткізді. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жарысудан топ жарды. Сонымен бірге Диана Назарова 50 метрге, Анастасия Резванцева 200 метрге шалқалап жүзуден турнирдің алтынына таласты.

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен, Аделина Пчелинцева 100 метрге брасс әдісімен жүзуден екінші орын иеленді.

Ерлер арасындағы кешенді эстафетада Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин, Дмитрий Баландин мен Александр Варакин төрттігі чемпион атанса, қыздар командасы дәл осы бағдарламада күміс медаль иеленді.

Еске сала кетейік, алғашқы жарыс күнінде қазақстандық жүзгіштер 11 медаль жеңіп алды.