Forte Bank
Фото банктің баспасөз қызметінен

Жыл сайын The Banker банктердің серпінді өсуі, инновациялық банк технологияларын әзірлеу және енгізу, стратегиялық жобаларды іске асыру критерийлерін негізге ала отырып, әлемнің 140-тан астам елінен ең үздік қаржы институттарын таңдайды.

The Banker сарапшыларының пікірінше, ForteBank-тің жеңісін анықтаған негізгі факторлар нарықтық позициялардың күшеюі, негізгі қаржылық көрсеткіштердің өсуі, бизнестің жаңа бағыттарының дамуы және клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасы болды.

ForteBank активтер көлемі бойынша Қазақстанның ірі банктерінің бестігіне кіреді және капиталдандыру, өтімділік деңгейі бойынша жетекші орынға ие.

Біздің жетістіктерімізді жоғары бағалағаны үшін The Banker басылымына ризашылығымызды білдіреміз. Марапатты екі жыл қатарынан беру тиімді қызметті және дұрыс таңдалған стратегияны растайды. Қиын нарықтық жағдайларда ForteBank бизнестің барлық салаларында сенімді өсуді көрсете отырып, табысқа жетті, – деді ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили сыйлықтарды тапсыру және марапаттау рәсімінде.

The Banker журналы 1926 жылдан бастап шығарылады және Financial Times тобына кіреді.

ForteBank – елдің ең тұрақты, өтімді және жақсы капиталдандырылған банктердің бірі. Қаржы ұйымының 19 филиалы мен 100-ге жуық бөлімшесі бар. Банктің мобильдік қосымшасы Қазақстанда 1 болып танылды және ресейлік Marksweb талдау агенттігінің таңдауы бойынша ТМД-да ең үздік 10 банктің қатарына енді. 2017 және 2018 жылдары ForteBank The Banker таңдауымен “Қазақстандағы жыл банкі” және Global Finance таңдауымен Қазақстанның үздік банкі деп танылды.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!