Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаевты Мемлекеттік хатшы қылып тағайындады. Ақорданың сайтында Президенттің осы туралы жарлығы жарияланды.
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, — делінген Мемлекет басшысының жарлығында.
Еске салайық, 21 ақпан күні Қазақстан Президенті Үкіметті отставкаға жіберген еді. Бақытжан Сағынтаев қызметінен босатылып, оның орнына Асқар Мамин Премьер-министр болып тағайындалды. Бақытжан Сағынтаев «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесіне мүше болды.
Бұған дейін Мемлекеттік хатшы лауазымында Гүлшара Әбдіқалықова болған еді. Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгеннен кейін ол Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.