Бақытжан Сағынтаев отставкаға кеткен Үкімет мүшелеріне алғыс айтты

Бақытжан Сағынтаев министрлер кабинетіне Үкіметтің отставкаға кеткенін естіртті. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты хабарлады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезектен тыс отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің отставкаға кетуі туралы хабарлады. Бақытжан Сағынтаев Президент алға қойған міндеттерді іске асырудағы үйлесімді атқарылған жұмыс үшін Үкімет мүшелеріне алғыс айтып, барлығына табыс тіледі, — деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Бақытжан Сағынтаев ҚР Премьер-министрі болып 2016 жылдың қыркүйегінде тағайындалған еді.

Еске салайық, 21 ақпан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметті отставкаға кетіру туралы жарлыққа қол қойды.