Басты бетБілім"Болашақ" стипендиясы...

«Болашақ» стипендиясы үміткерлерінің жас шамасына шектеу қойылады

«Болашақ» бағдарламасына қатысушылардың жас шамасына қатысты шектеу енгізу көзделіп отыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі, — делінген хабарламада.

Қаулы жобасында үміткерлер үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау жасын «50-ден аспаған» деп анықтау көзделген.

Жобаның мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер порталынан   танысуға болады.