Жүрекке 3 мыңнан астам операция жасаған Дмитрий Горбунов 

Дмитрий Горбунов
Дмитрий Горбунов. Фото: Mod.kz

«Болашақ» бағдарламасы бойынша алған білімі:

1994-1998 жылдары ол Фрайбургтегі Альберт Людвиг атындағы университетте оқыды.

Қазір Астанадағы «Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығында» балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі.

Жетістіктері:

  • «Болашақ» бағдарламасының алғашқы стипендиаттарының бірі.
  • 2004 жылы 7 сәуірде Астанадағы ең алғашқы кардиохирургиялық операцияға қатысты.
  • 2009 жылы Қазақстандағы тұңғыш кардиохирургиялық клиниканы құруға қатысты.
  • Жүрекке және негізгі қан тамырларына жалғыз өзі 3 мыңнан астам операция жасады.
  • 2013 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

 

 80 ғылыми жұмыс жазған Айгүл Қарабаева

Айгүл Қарабаева
Фото: «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі

«Болашақ» бағдарламасы бойынша алған білімі:

Академик И.П.Павлов атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық университетінде хирургия бойынша 2005-2008 жылы докторантурада оқыған.

Қазір ол — Алматыдағы кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу орталығында нефрология орталығының басшысы.

Жетістіктері:

  • Жоғары санатты нефролог-дәрігер.
  • Медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор.
  • Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі.
  • Өнертабысы үшін 2 патент алған, Альфред Нобель медалінің иегері.
  • Отандық және шетелдік рецензияланған басылымдарда, соның ішінде рейтингі жоғары WebofScience және Scopus басылымдарында 80 ғылыми жұмысы жарияланған.
  • Халықаралық конференцяларда 20-дан астам баяндама жасады.

Талай пациенттің жұлынына операция жасаған Марат Саршаев

 Марат Саршаев
Марат Саршаев. Фото: Voxpopuli

«Болашақ» бағдарламасы бойынша алған білімі:

2010-2012 жылдары Ресей дипломнан кейінгі білім беру медициналық академиясының клиникалық ординатурасында нейрохирургия  мамандығы бойынша білім алды.

Қазір Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханада нейрохирург және бірінші санатты нейроинтровент.

Жетістіктері:

  • 2015 жылы «Үздік жас дәрігер» атағына ие болды.
  • 2017 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бағдарламасының тізіміне кірді.
  • Мидың қан тамырларына эндоваскулярлық және микронейрохирургиялық операциялар жасады, омыртқасы мен жұлыны ауыратын пациенттерге хирургиялық ем жасап келеді.

Жыл сайын 500 баланың өмірін құтқаратын Гүлжан Сәрсенбаева

Гүлжан Сәрсенбаева  
Гүлжан Сәрсенбаева  Фото: Вaq.kz

«Болашақ» бағдарламасы бойынша алған білімі:

Ресейдегі А.Н.Бакулев атындағы Жүрек-қан тамырлары хирургиясы ғылыми орталығында білім алды.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында директордың ғылым мен стратегиялық даму бойынша орынбасарының міндетін атқарушы болып қызмет етеді.

Жетістіктері:

  • 2011 жылы педиатрия орталығының базасында кардиохирургия бөлімін ұйымдастыруға қатысты.
  • 2012 жылы балалар кардиохирургиясы мен интервенциялық кардиология бөлімін ашты. Қазір бұл бөлімше жыл сайын жүрек пен қан тамырлары ауруларына 500-ден астам операция жасайды.
  • Қазақстанның басқа аудандарына туабітті жүрек ақауы бар балаларды емдеу, алғашқы көмек көрсету бойынша мастер-кластар өткізеді.
  • Жүрек ақауларына ультрадыбыстық диагностика жасайтын санаулы кардиохирургтің бірі.

Операциясы мен ғылыми еңбегі әлемге танылған Тілеуберді Қуандықов

Қуандық Тілеуберді, Болашақ, дәрігер
Тілеуберді Қуандықов. Фото әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан

«Болашақ» бағдарламасы бойынша алған білімі:

2010 жылы АҚШ-тың Джонс Хопкинс университетінде анестезиология және реаниматология бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

Қазір Алматыдағы А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының анестезиология және реаниматология бөлімінің меңгерушісі.

Жетістіктері:

  • 2017 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанды.
  • 2011 жылы Қазақстанда алғаш рет ересек науқасқа туыстық бауыр трансплантациясы бойынша операция жасады.
  • 2014 жылы «Алтын адам» сыйлығын иеленді.
  • 2016 жылы Қазақстанда алғаш рет балаға бауыр ауыстыру операциясынан кейін емді сәтті аяқтады.
  • Ғылыми зерттеулерінің нәтижесі Швейцария, Швеция, Қытай, Үндістан, Ресей елдеріндегі ірі ғылыми форумдарда баяндалды.

Шала туған нәрестелерге өмір сыйлаған Беркін Тұрқұлов 

Беркін Тұркұлов
Беркін Тұркұлов. Фото әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан

«Болашақ» бағдарламасы бойынша алған білімі:

2010-2012 жылдары А.Н.Бакулев атындағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы ғылыми орталығында жүрек-қан тамырлары хирургиясы мамандығы бойынша білім алады.

Қазір ол — Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында балалар кардиохирургі.

Жетістіктері:

  • 2013 жылдан бері туабітті жүрек ақауы бар балаларға 400-ден астам операция жасап, 800-ден астам операцияға ассистент болды.
  • Туабітті жүрек ақаулары бар сәбилерге операция жасайтын ең жас балалар дәрігері.
  • Салмағы бір келіге жетпейтін шала туған нәрестелерге ашық операциялар жасады.
  • «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы.
  • Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында Ресей, Италия, Корея, Швейцария мамандарымен бірлескен операция жасады.

Бауыр алмастыру бойынша тәжірибесі мол Мақсат Досханов

Мақсат Досханов
Мақсат Досханов. Фото: Аzattyq.org

«Болашақ» бағдарламасы бойынша алған білімі:

Ресей дипломнан кейінгі білім алу медициналық академиясында оқыды.

Қазір А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының гепатопанкреатобилиарлық хирургия және бауыр трансплантациясы бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты хирург-дәрігер.

Жетістіктері:

  • 2011-2016 жылдары А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында бауыр, өт жолдары мен ұйқы безі аурулары бойынша көп операция жасады.
  • 2011 жылы елімізде бауыр трансплантациясы бойынша тұңғыш бағдарламаға қатысушылардың бірі болды.
  • Беларусь, Түркия, Корея, Жапония елдерінде бауыр алмастырудан тәжірибе жинады.