Басты бетЖаңалықтарНұрсұлтан Назарбаев...

Нұрсұлтан Назарбаев Тараздағы төтенше оқиға туралы айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Тараздағы төтенше оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Бұл адамдардың отбасына, жақындарына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен оқиға орнына Үкімет комиссиясы аттанды, олар мән-жайды анықтап, көмек береді. Еліміз үлкен, ана жерде, мына жерде бір оқиға болып жатады. Мұндай жағдайда газ жарылатынын ескерту үшін біреуді жіберу керек пе? Премьер-министр келіп, сонымен айналысуы керек пе? Жергілікті органдардың әр отбасы үшін жауапкершілігі болуы керек. Бұл өте маңызды. Газды абайлап қолдану қажет. Қыс кезінде от жаққымыз келеді, жылынғымыз келеді, бұған өте мұқият қарау керек, — деді Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының съезінде.

Еске салайық, Таразда көпқабатты үйлердің бірінде газ жарылып, үш пәтер құлап қалды. Соңғы мәлімет бойынша үйден 145 адам көшірілген. Үш адам қаза тапты. Үйінді астынан 8 адам шығарылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен Үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері Таразға оқиға орнына ұшып кетті.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат болған үйдің тұрғындары осы үйге жақын маңдағы №41 мектепке орналастырылды, ыстық тамақпен қамтылды, уақытша тұруға қажетті жағдайлар жасалды. Олармен медицина қызметкерлері мен психологтар жұмыс істеп жатыр.

ДереккөзTengrinews.kz