Мына ойыншықтардан рұқсат етілген мөлшерінен артық фенол мен метил спирті табылды:

  • «Фея парк» қуыршағы;
  • My Little Horse fantastic toys ойыншығы;
  • LOL superise Castle park қуыршағы.

Метил спирті — тамыр және жүйке жүйесіне әсер ететін улы химиялық зат. Оны өте көп мөлшерде пайдаланудың соңы адамды соқыр етіп, 30 грамнан асатын мөлшері тынысалу жүйесінің жұмысын тоқтатып, өкпенің немесе мидың ісінуіне себеп болады. Бұл спирттен уланудің белгілері: бас аурулары; әлсіздік; жүрек айнуы; құсу тағы басқа.

Фенол шекті нормадан асып кетсе, адамда құсу, жөтел пайда болып, қолқаны қысуы мүмкін. Олар тері, жоғарғы тынысалу жолдары мен асқазан-ішек жолы арқылы тез сіңіп, бүйректе, бауырда шоғырланып, баланың иммун жүйесін жояды, ауыздың, мұрынның, жұтқыншақтың, жоғары тынысалу жолдарының және асқазан-ішек жолының шырышты қабығын тітіркендіріп, кері әсерін тигізеді.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті тексерген ойыншықтар Қытайда шығарылып, Солтүстік Қазақстан облысының сауда дүкендерінде сатылып жатқан. Оларда балалар тауарына арналған тиісті маркировка болмаған.

Ойыншық сатып алу кезінде мыналарға басты назар аудару керек:

  • Дайындаушысы және өнімнің материал құрамы;
  • Жас шектеулері;
  • Сатушылардан қауіпсіздікті растайтын сәйкестік сертификаты. Себебі 2018 жылдың тамызынан бастап Қазақстан аумағына сәйкестікті бағалау туралы құжатсыз ойыншықтарды әкелуге тыйым салынған.

Мемлекеттік тілде таңбаланбаған өнімдер: «Стандарт» балалар конструкторы ойыншығы, Toy Bibib пластмасса экскаватор ойыншығы, «Квадроцикл» ойыншығы,  динозаврлар 6 асс.8-12,  жүкаударғыш пластмасса ойыншық, «ақылды ойыншықтар», есептегіш материал.

Мүлде таңбалануы жоқ ойыншықтар: Sofia the first қуыршағы, Robocar Poli ойыншық жиынтығы, Hermit crab ойыншығы, «Мини тобот» автомобиль трансформері, «Барби» қуыршағы, пони, бильярд, автомобиль трансформері, тікұшақ, балаларға арналған сылдырмақтар, машинкалар, Mini Round Bead, LOL қуыршағы, көңілді қырықбуын, Magnetic Drawing Board балалар үстел тақтасы, SUPER Speed Racing машинасы, мозайка, «Кішкентай дәрігер» ойын жиынтығы, «Каток» ойыншығы, «Ит» жұмсақ музыкалық ойыншығы, резеңке доп, «Өрмекші адам» жұмсақ ойыншығы, Die Cast Car машина жиынтығы, Wangu қуыршағы.

Дүкен сөрелерінен сәйкес келмейтін өнімді көрсеңіз, комитетке және оның аумақтық департаменттеріне жазбаша түрде өтініш беруді сұраймыз. Әр өңірдегі департаменттің байланыс деректері Kooz.dsm.gov.kz сайтында көрсетілген.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!