Нұрсұлтан Назарбаев адамды не бақытты ететінін айтты

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бірде-бір бақытты миллиардерді көрмегенін айтты.

Бәрінің негізі — еңбек, адамның жұмысы. Еңбексіз жеткен табыс бақыт емес. Ата-анадан мұра ретінде байлықты алып қалуға болады, бірақ оның қайыры болмас. Мен көпті көрген әрі тәжірибелі адам ретінде 10-20 миллиард ақшасы бар бірде-бір бақытты миллиардерді кездестірмегенімді мәлімдеймін, — деді Президент «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесу барысында.

Нұрсұлтан Назарбаев адам өз еңбегімен тапқан табыспен бақытты бола алатынын айтты.

Мен сіздерге өзін-өзі өлтірген немесе өмірін түрмеде аяқтаған миллиардерлер тізімі туралы айтып бере аламын. Оңай келе қалған ақша сені бақытты ететін сияқты көрінеді, бірақ еңбектеніп тапқаның ғана, өзің жасаған, құрған бақыт қана, ешқандай қиындықтарға қарамастан жеткен жетістігің ғана бақытты етеді, — деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев мұның алдында адамның өз еңбегімен ғана бақытты бола алатынына акробатикадан әлем чемпионы атанған 19 жастағы қазақстандық Никита Амоскинді мысалға келтірді.

Қолға алып, жасап көріп, шаршап, кетіп қалсаң, ештеңе болмайды. Мен үнемі айтамын: Адамның мүмкіндігі шексіз. Бәрін істеуге болады. 10 жыл бойы күн сайын үш-төрт сағат дене шынықтыру керек. Ол жас, ол да серуендегісі келеді ғой… Ал бұлай етпесең, табысқа жету мүмкін емес. Барлық ұлы адам солай істеген, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ДереккөзTengrinews.kz