Басты бетЖаңалықтарДариға Назарбаева...

Дариға Назарбаева сауда саласына жауапты ведомство құруды ұсынды

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Үкімет сағаты барысында Қазақстанда сауда министрлігін құруды ұсынды. Оның пікірінше, бүгінде Ұлттық экономика министрлігінде сыртқы және ішкі саудаға ықпал ету инструменттері жоқ.

Сауда-саттық саласында реттеуге және әкімшілендіруге қатысты көп проблема бар. Мысалы, 2018 жылдың бірінші тоқсанында елдің ішкі жалпы өнімі көлік пен логистика бойынша 8,2% болды, біз Көлік және инфрақұрылым министрлігін құрдық. 2018 жылдың бірінші тоқсанында көтерме және бөлшек сауда үлесі бойынша елдің жалпы ішкі өнімі шамамен 15% болды. Бірақ әлі күнге дейін Сауда министрлігі жоқ, — деді Дариға Назарбаева.

Ол бүгінде Қазақстан Еуразия құрлығындағы ірі транзит және көлік-логистика хабы екенін айтты.

Сауда саласы бүгінде Ұлттық экономика министрлігінде, онымен сауда департаменті айналысады. Жуырда біз министрлікпен заң жобасы аясында әңгімелестік, олар сыртқы сауда түгілі, ішкі саудаға да әсер ететін инструменттері жоқ екенін айтты. Бөлек сала бола отырып, елдің ішкі жалпы өнімінің үлкен үлесіне ие бола отырып, неге сауда-саттықтың өз министрлігі жоқ? — деді Дариға Назарбаева.

ДереккөзBnews.kz