Басты бетЖаңалықтарСенат төрағасы:...

Сенат төрағасы: ЕАЭО-ға ортақ нарық жанармайды қымбаттатып жібермеуі керек

Еуразия экономикалық одағы үшін ортақ нарық қалыптастыру жанар-жағармай бағасының көтерілуіне ықпал етпеуі керек. ҚР Парламенті Сенатының Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді.

Үкімет бизнес-қоғамдастықтың назарын ЕАЭО-ның бірыңғай нарығының қалыптасуына байланысты ашылып жатқан мүмкіндіктерге аударту қажет. Атап айтқанда, Қазақстан енді қалыптаса бастаған ЕАЭО электр энергиясы нарығы аясында отандық электр энергиясы саласының экспорттық әлеуетін іске асыру мүмкіндігіне ие болды. 2025 жылға қарай ЕАЭО шеңберінде газ, мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығы қалыптасады. Бұл бағытқа өте мұқият қарау керек, ішкі нарықта жанар-жағармайдың бөлшек сауда бағасының көтеріліп кетуіне жол бермеуіміз керек, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттағы Үкімет сағатында.

Сенат төрағасы одақ аясындағы цифрландыру саласына көңіл аудару қажет екенін айтты.

Қазақстан тауары транзиті мен оның одақ аясындағы қозғалысын оңайлату үшін және ЕАЭО елдеріндегі серіктестермен байланыстарды дамыту үшін ЕАЭО-ның 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібі шеңберінде цифрландыру саласында бірлескен жобаларды іске асырудың маңызы зор. Біз бірыңғай цифрлық кеңістікті дамытудан нақты экономикалық эффект алуымыз керек. Бұл орайда Қазақстанның Еуразия электрондық еңбек биржасын құру туралы бастамасына көпшілік қызығады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ДереккөзTengrinews.kz