ЕАЭО елдері цифрлық форумының Қазақстанға пайдасы қандай?

"Жаһандану дәуіріндегі цифрландырудың күн тәртібі 2.0." форумының Қазақстанға тигізетін пайдасы туралы сарапшы пікір білдірді.

Цифрландыру форум
Фото: Рrimeminister.kz

IT startup Astana Hub халықаралық технопаркінің директоры Әділет Нұрғожиннің айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер өз өндірістерін автоматтандыруға ұмтылып отыр.

Форумға жиналған сарапшылар санының өзі бұл салаға қызығушылықтың көп екенін білдіреді. Форум соңында Ресей, Армения, Қырғызстан және Қазақстан елдерінің технопаркі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, тығыз байланыс орнатпақшы. Бұл меморандум аясында жобалардың жүзеге асуына баса мән беріледі. Бізге басқа елдердің технопарк жобалары, озық тәжірибесі, оқыту бағдарламасы үлкен қызығушылық тудырды. Оларға да біздің жобалар қызық болуы мүмкін, — деді ол.

Бүгін Еуразиялық экономикалық одақ Үкімет басшылары Алматыда форум барысында цифрландыру мәселелерін талқылап жатыр.

Жиынды Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұйымдастырды. «Жаһандану дәуіріндегі цифрландырудың күн тәртібі 2.0.» дәстүрлі форумы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп келеді. Жиын ЕАЭО мүше елдері арасында цифрлық технологияларды бірге дамытуға бағытталған.

ДереккөзInform.kz