Басты бетЖаңалықтарТөтенше жағдайлар...

Төтенше жағдайлар қызметі Алматы тұрғындарына сабыр сақтауды ескертеді

Алматы төтенше  жағдайлар департаменті бүгін — 7 ақпан жергілікті уақыт 12.55-те құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексереді.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл кезде электр дабылдары қосылып, сонымен бір мезгілде теле және радиотарату арналарынан  да «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы беріліп, халықты құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығы тексеріліп жатқаны хабарланады.

Бұдан соң әр айдың бірінші бейсенбісінде дәл осы уақытта — сағат 12.55-те осындай дабыл қағылады. Тексеру күні мерекеге сәйкес келген жағдайда шара келесі бейсенбіге калдырылады.

Осыған байланысты департамент қала тұрғындары мен қонақтарын дабылды естіген кезде сабыр сақтауға шақырады.