Алиля мен Әлия Нарықбаевалар интернет-платформаны Жастар жылы форумында Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырды.
24.kz арнасына сұхбат берген қыздар Generation Next деп аталатын портал туралы айтты.
Бұл портал — әлеуметтік желінің жаңартылған түрі. Дәлірек айтқанда, сайтта бірнеше интернет-ресурс біріктірілген. Мұнда интернет пайдаланушылары бір-бірімен танысып, әңгімелесіп қана қоймай, сан түрлі тақырыпта жаңалықтар оқып, психологтың ақыл-кеңесіне жүгіне алады, -дейді олар.
Next Generation жобасының жетекшісі Гүлнәр Арыстанованың айтуынша, авторлар жобаны екі ай әзірлеген.
Алдағы екі апта ішінде оны тестілеуден өткіземіз. Тек содан кейін порталдың сілтемесін бөлісуді жоспарлап отырмыз, — дейді Гүлнәр Арыстанова.
Апалы-сіңлілі оқушыларлың бастамасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көңілінен шықты. Президент жобаның сәтті іске асуы үшін Үкіметке осы істі ерекше бақылауға алуды тапсырды.