2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Ұлттық Банк басқармасының қаулысы күшіне енеді.
«Зейнетақы қоры салымшысының зейнетақы жинақтарының жай — күйі туралы ақпарат беру (инвестициялық кірісті ескере отырып)» мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталында, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасыз қолжетімді болады», — деп хабарлады қор.
Бүгіннен бастап зейнетақы жинақтарыңның жай-күйі туралы төмендегі тәсілдермен білуге болады:
1) тікелей БЖЗҚ кеңсесіне жүгінген кезде;
2) пошта арқылы;
3) электрондық тәсілмен:
— БЖЗҚ — да ұсынған мекен-жайға электрондық пошта арқылы;
— электрондық цифрлық қолтаңба немесе логин мен парольді пайдалана отырып, БЖЗҚ порталындағы жеке кабинетке кіру арқылы;
— электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет.
Соңғы тәсілді пайдалану үшін бұрын тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет болды. Енді 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап, кез келген салымшы mgov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефон нөміріне келетін бір реттік sms-паролді қолдана отырып, жеке зейнетақы шотынан көшірмені сұралым жібергеннен кейін ала алады.