«Жолаушылар тасымалы» АҚ бұдан былай жолаушыға сатып алған билетті қайтарғаны үшін айыппұл төлетпейтін болды.
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыппұлды алып тастау тек арзан билеттерге қатысты, құны 3 500 теңгеден жоғары билеттерді қайтарған жағдайда бұрынғысынша комиссия ұстала береді.
Осы жылдың 15 қаңтарынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ жол жүру билеттерін қайтаруға салынатын 1 000 теңге көлеміндегі айыппұлды алып тастайды. Айыппұл номинал құны 3 500 теңге болатын билеттерді қайтарғанда ғана салынбайды. Бұл шара жолаушылар тарапынан түскен өтініштерге жүргізілген өңдеу мен талдаудан соң қабылданды, — делінген компанияның хабарламасында.
Жолаушы құны 3 500 теңгеден жоғары билеттерді пайдаланбай, қайта өткізген кезде 1 000 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Комиссия алыпсатарлыққа жол бермеу және теміржол билеттерін қайта өткізуді азайту мақсатында енгізілген.