Ұрланған автобөлшектерді сатып алғандар қылмыстық жауапқа тартылады

Алматы полициясы азаматтарға автокөлік бөлшектерін сатып аларда саудагерден тауардың құжатын талап етуді сұрайды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұрлыққа және қылмыс жолымен табылған мүлікті алу мен сатуға жол бермеу мақсатында құқық қорғау қызметкерлері шұғыл алдын алу шараларын тұрақты жүргізіп келеді.

Car City сауда үйін инспекциялау кезінде арнайы құрылған 10 мобильдік топ қызметкерлері автобөлшектер сату нүктелерінен бұрын қолданылған автокөліктердің 10 қаптал айнасын, тұманға қарсы екі жарығын, сегіз аккумуляторын тапты. Тәркіленген заттар іс жүргізу тәртібі бойынша ұрланған мүлік ретінде тіркелген заттармен салыстырылды: қылмыстық істер бойынша шағымданушыларға қатысы бар-жоғын анықтау үшін бұл автобөлшектер оларға көрсетуге ұсынылды, — деп хабарлады Алматы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Полиция тұтынушыларға ұрланған затты сатып алу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді.

Құқықтық салдарынан сақтану үшін заттарды қолдан сатып алудан бас тарту керек. Сонымен бірге көпе-көрінеу қылмыс жолымен табылған мүлікті сатып алу мен сату әрекеті үшін ҚР ҚК 196-шы — «Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу мен сату» бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын айта кету керек, — дейді полиция қызметкерлері.

Бүгін Алматы полициясы қаладағы ұялы телефон жөндеу орталықтарынан ұрланған телефондар табылғанын да хабарлады.

ДереккөзTengrinews.kz