Валюта айырбастау орындарында доллар 378 теңгеден сатылып жатыр

Kurs.kz мәліметінше, Қазақстандағы айырбас пункттерінде доллар 378 теңгеден сатылып жатыр.

Ұлттық валютаның 1 долларға қатысты бағамы 375-378 теңге аралығында.

KASE биржасында күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталғанда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 374,06 теңге болды.

Сауда-саттық көлемі 100,65 миллион доллар болды. Астана уақыты бойынша сағат 15.50-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың 1 баррелінің құны 50,96 долларға тең.

ДереккөзTengrinews.kz