Бақыт Сұлтанов жастар бастамасын іске асыруға жағдай жасауды тапсырды

Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының ХХVІІ есеп беру конференциясы өтті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана әкімі «Нұр Отан» қалалық филиалының басшылығына партияның жастар қанатын күшейтіп, қоғамдық даму істері басқармасымен бірлесіп, жастар бастамасын жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасауды тапсырды.

Бақыт Сұлтанов алдағы кезеңдегі тактикалық есептерді өндіру бойынша бірқатар нақты ұсыныстарды атады.

Біріншіден, біз Жастар жылын өткізу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясындағы жұмыстарға белсенді кірісуіміз керек. Ал «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері елордадағы Жастар жылын өткізуге арналған Жол картасын қалыптастыруға  белсенді қатысулары керек, — деді ол.

Астана әкімі жастардың жақсы кәсіби білім алу мүмкіндік жасалып, тиісті деңгейдегі еңбекақысы бар тұрақты жұмыспен қамтылып, отбасын құру үшін меншікті тұрғын үйі және салауатты өмір салтын ұстануы үшін мемлекет барлық жағдайды жасап отырғанын айтты.

Бұл – төрт негізгі элемент. «Жас Отан» астаналық жастардың дамуының басты механизмдерінің бірі болып, жалпықалалық сипаттағы өте маңызды мақсаттарды өзіне қабылдай алатынына мен сенемін. Жасотандықтар партияның қанаты болып қана коймай, жастардың кең коалициясының ядросына айналып, барлық жастар ұйымын бірлестікке шақыруы керек, — деді Бақыт Сұлтанов.

Екіншіден, әкім әлеуметтік коммуникацияның жаңа құралдарын пайдаланып, қала тұрғындарының арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын күшейту қажеттігін алға тартты.

Үшіншіден, партия Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы, Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы, «Нұрлы жол» мен «Нұрлы жер» бағдарламаларының жүзеге асуын бақылау бойынша тәжірибелік шаралар қабылдауы қажет.

Төртіншіден, партияның ішкі саяси ауқымдағы тұрақтандырушы қызметін жоғарылату керек.

Бесіншіден, Астана мәслихатының депутаттық фракциясының жұмысы Астананың жаңа концептуалдық міндеттерін шешуге тірек болуы тиіс екендігін ескертті.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қаланың әлеуметтік-экономикалық сұрақтарын шешуде мәслихаттың депутаттық фракциясы «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясымен, басқа да үкіметтік органдармен тығыз байланыста болуы тиіс.

Біз күн сайын «Нұр Отан» партиясының әр қазақстандық азаматтың саяси көзқарасына, таңдауына қарамастан мәселесін шешетін партия екендігін дәлелдеуіміз керек. Тек біз күш-жігерімізді біріктірген кезде ғана Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуын ғана емес, оның рухани-идеологиялық қалыптасуында жоғары көрсеткіштерге қол жеткіземіз, — деді Астана әкімі.