Ғарыштан «Союз МС-09» экипажы Қазақстан аумағына сәтті жетті

Ресей ғарышкері Сергей Прокопьев, Еуропа астронавы Александр Герст пен АҚШ астронавы Серена Ауньон-Чэнселлор Халықаралық ғарыш станциясынан Жерге сәтті оралды. Бұл туралы Ресейдің ақпарат құралдары хабарлады.

«Союз МС-09» ғарыш кемесінің капсуласы Қазақстан аумағына түскен. Ресей Ұшуларды басқару орталығының мәліметінше, ғарышкерлер «Роскосмос» пен тергеу органдары үшін «Союзда» саңылаудың неден пайда болғаны туралы айғақтарды алып келген. Олар — ашық ғарыш кеңістігіне шыққандағы герметика үлгілері, метеоритке қарсы микроқорғаныш пластинасы және ғарыш кемесінің тұрмыстық бөлігінің сыртынан алынған жағынды.

Күн ала бұлтты болғандықтан құтқарушылар капсуланың түскен жерін бірден таба алмаған. Аппарат Королёв қаласындағы ғарыш кемесін жасаған «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясына жіберіледі.

Ғарышта болған үшеу тергеу органдарына арналған айғақтардан бірге Халықаралық ғарыш станциясында 3D-биопринтерден басылып шыққан адам шеміршегінің тіні мен кеміргіштің қалқанша безін де алып келген. 3D Bioprinting Solutions биопринтері авторларының мәліметінше, бұл — адамзат тарихында алғаш рет жасалған эксперимент. Сонымен бірге ол — станцияның ресейлік сегменті бортында жасалған алғашқы ғарыш эксперименті.

ДереккөзZakon.kz