Кез келген банк клиенті пайдалана алатын мобильдік қосымша әзірленді

Үйге дейін жеткізілетін несие, кәсіпкерлерге арналған пакет, чатта интернетсіз сөйлесу. ForteBank өз клиенттеріне ғана емес, барлық банк клиенттеріне өмір сүруді жеңілдететін жаңа қызметтер мен банктің жаңартылған сервистерін таныстырды.

ForteBank
Фото банктің баспасөз қызметінен

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асып жатқан “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасының орындалуына еліміздегі екінші деңгейлі банктер де үлес қосып жатыр. Күні кеше Астанада екінші ForteDay өтті. Салтанатты шарада ForteBank клиенттеріне ғана емес, барлық банк клиенттеріне өмір сүруді жеңілдететін жаңа қызметтер мен банктің жаңартылған сервистері ұсынылды. ForteDay жылына екі рет өтеді. Осы жолғы қысқы шарада банк өкілдері іске қосылған инновациялық қызметтер туралы айтты.

ForteBank
Фото банктің баспасөз қызметінен

ForteBank өз клиенттері үшін үздік инновациялық қызметтер жасауға ұмтылады. Біз кез келген банктің клиенттері пайдалана алатын қосымшаны әзірледік және оған нақтылық технологиясын енгізген бірінші банк болдық. Осы жылы біздің клиенттеріміз екі есе көп төлем жасап, ұялы қосымшадағы аударымдардан үш есе көп ақша жинады. Телефонға жүктелген қосымша саны 1 000 000-нан асты, – дейді ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

AR технологиясы

ForteBank кез келген банктің клиенттері пайдалана алатын мобильдік қосымшасына augmented reality (AR) технологиясын енгізді. AR көмегімен клиенттер жақын жердегі банкоматты, бөлімшені таба алады, банк серіктестерінен қызық ұсыныстарды көре алады, табыстары мен шығындарын әртүрлі деңгейде тексере алады.

ForteBank
Фото банктің баспасөз қызметінен

Чатта интернет жоқ кезде де сөйлесу

Банктің мобильдік қосымшасына Talk in атты виртуал көмекші қосылды. Ол банк өнімдеріне қатысты сұрақтарға жауап береді. Пайдаланушылар Қазақстанда немесе шетелде болғанына қарамастан интернет трафигі болмаған жағдайда да жақын туыстарымен және достарымен қолданба чатында сөйлесе алады.

Үйге дейін жеткізілетін несие

Онлайн несиелеу қызметі ForteBank клиенттеріне қолжетімді. Егер бұрын клиент қажет нысандарға қол қойса, онда ол 5 минут ішінде мақұлданған соманы біліп, банк бөлімшесіне бармай-ақ сол күні несие ала алады. Несие үйге де жеткізіледі. Freemarket онлайн дүкенінде теледидар, смартфондар, киім және үйге арналған тауарлар сатып алуға болатын алаң бар.

ForteBank
Фото банктің баспасөз қызметінен

Кәсіпкерлерге арналған пакет

Жаңа интернет-банкинг енді кәсіпкерлер мен бизнес иелері үшін қолжетімді. Бұл қосымша клиенттердің тілектерін ескере отырып жасалған. Forcestart – банк картасын, жедел қысқа мерзімді несиелерді, интернет-банкинг және ПОС-терминалды қамтитын арнайы тарифі бар бастаушы кәсіпкерлерге арналған пакеттік ұсыныс.

Алдымызға қойған үлкен міндет – Қазақстандағы бизнестің дамуына көмектесу. Бүгінде бізге 75 000-нан астам компания сенеді. Осы жылы клиент саны 30 пайызға артты. ForteBank – кәсіпкерлер үшін жеке кеңселер салатын Қазақстандағы жалғыз банк, – деп атап өтті Гурам Андроникашвили.

ForteBank бизнес үшін жаңа өнімді іске қосады, ол – ForteKassa. Бұл шешім сауда нүктесін автоматтандырады және сатуға, базалық есепке алуға және қызметкерлерді басқаруға мүмкіндік береді. Технологиялық шешім екі бөліктен тұрады: сатушыларға арналған қосымша және бизнес иесіне арналған жеке кабинет.