25 сәуір күні ForteBank-тың Астанадағы бас кеңсесінде алғаш рет ForteDay шарасы ұйымдастырылды. Аталған шара барысында ForteBank жаңа қызмет түрлері мен өнімдерін таныстырды. Таныстырылым банктің Youtube, Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларында онлайн трансляция арқылы көрсетілді.

ForteDay шарасында 2017 жылдағы банк қорытындылары мен статистикасы, банктің алғашқы үш жылдағы өсім көрсеткіштері, ForteBank-тың қолдауымен жүзеге асқан әлеуметтік жобалар туралы айтылды. ForteDay «Sa’lem jiberemiz» тақырыбында өтті.

©ForteBank

Бүгінде 65 мыңнан астам компаниялармен жұмыс істейтін ForteBank 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандық үздік банктердің бестігіне кіріп, Лондондағы «The Banker» журналының шешімі бойынша «Қазақстандағы үздік банк» номинациясын жеңіп алған болатын. Ал биыл ForteBank «Global Finance» журналының қорытындысы бойынша «Қазақстандағы үздік банк» атанды.

CreditCard: 55 күндік пайызсыз несие

ForteBank уақыт өткен сайын тұтынушыларына жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін ұсынуда. Солардың бірі — 3 миллион теңгеге дейін несие алуға болатын CreditCard несиелік картасы.

Пайызсыз несие дегенді естіңіз бар ма? Нарықтық экономика заманында үстемесіз несиенің болуы мүмкін емес деп ойлайсыз ба? Олай ойласаңыз, қателесесіз. ForteBank тұтынушысы CreditCard несиелік картасының көмегімен алған несиені 55 күннің ішінде пайызсыз қайтару мүмкіндігіне ие.

Сондай-ақ, карта арқылы жұмсалған қаражаттың 15 пайызы кэшбек түрінде карта иесіне қайтарылады. Сash-Back дегеніміз — тауар немесе қызметтерді картамен төлегенде өз саудаңыз үшін алатын шынайы ақша. Демек, сіз CreditCard-пен есептескен жағдайда, жұмсалған соманың бір бөлігі картаңызға кері қайтарылады.  Ағымдағы жылдың сәуір айының өзінде 97 миллион кэшбек ForteBank тұтынушыларына қайтарылған.

©ForteBank

CreditCard-тың тағы бір артықшылығы — абоненттік төлемді талап етпейді және қарызды өтеудің ең төменгі мөлшерлемесі небәрі 1 пайызды құрайды. Басқа банктермен салыстырғанда банк мөлшерлемесі 5 есеге төмен екенін ескерсек, бұл тұтынушылар үшін ұтымды болмақ.

MultiCard: саяхат кезінде 5 валютаны қатар басқарыңыз

Шетелге саяхаттауды жоспарлап жүрсіз бе? Саяхат кезінде ақшаңызды қандай валютада сақтау керек екенін білмейсіз бе? Қолма-қол ақша ұстау қауіпті деп ойлайсыз ба? Онда MultiCard атты саяхатшы картасы сізге көмекші бола алады. MultiCard-тың көмегімен тұтынушы бірден бес валютаны қатар басқара алады.

Сондай-ақ, ForteBank тұтынушылары әлемнің кез келген банкоматынан комиссиясыз ақша шешіп алу мүмкіндігіне ие. Саяхатшылар көп жағдайда сақтандыруды артық шығын санап, бас тартып жатады. Алайда, шетелде қаржылық сақтандыру қажет-ақ. Осы орайда MultiCard тегін сақтандыру пакетін картамен бірге ұсынады.

Саяхатшыларға арналған ForteTravel қызметі тұтынушыларға авиабилеттер мен теміржол билеттерін, автомобильді жалға алу, оған қоса қонақ үй жалдау сияқты сервис түрлерін тиімді тәсілмен пайдалануға көмектеседі. Аталған қызмет түрі ұзақ уақыт алмайды және әрбір жасалған қызмет үшін банк 4 пайызға дейін кэшбек қайтаруға дайын.

©ForteBank

Бірнеше банк картасын бір қосымшамен басқаруға болады

Сізде бірнеше банк картасы бар. Оларды онлайн басқару үшін жеке-жеке мобильді бағдарламасын жазып алу керек пе? ForteBank-тің мобильді қосымшасы арқылы бірнеше банк картасын қатар басқаруға болады.

ForteBank-тің қоысмшасы былтырғы жылы «Үздік мобильді қосымша» атанды. Интернет банкинг пен мобильді қосымшаның басқа банк қосымшаларына қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Мысалы, ForteBank мобильді қосымшасын тек ForteBank картасының тұтынушылары ғана емес, Қазақстанның басқа да банктерінің тұтынушылары тегін қолдана алады. Бұл мәселеге келгенде ForteBank ашық банк қызметін қолданады. Сіз бір мобильді қосымша арқылы бірнеше банк картасын тіркеп, қажетті қызметтерді оңай әрі тиімді пайдалана аласыз.

Телефон номері арқылы аударым жасау

Жақыныңызға немесе танысыңызға шұғыл түрде ақша аудару керек. Алайда, сіздің де, оның да қолында банк картасы мен номері жоқ. Мұндай тығырықтан қалай шығуға болады?

©ForteBank

ForteBank-тің FortePay деп аталатын жаңа қызмет түрі бұл мәселенің де оңай шешімін ұсынады.

FortePay қызметі арқылы сіз қаражат аударғыңыз келетін тұлғаның телефон номері арқылы ғана, басқа қосымша ақпаратсыз-ақ ақша аударымын жасай аласыз. Аударылған қаражатты тұтынушы өзінің қалаған картасына немесі шотына аударып ала алады.

Картасыз-ақ ақша шешіп алуға болады

Банк картасын үйге ұмытып кетсеңіз немесе жақыныңызға беріп қойсаңыз, банкомат картаңызды жұтып қойса, алайда шұғыл түрде ақша алу керек болса не істеу керек? Тіпті, картаңызды қайда қойғаныңызды ұмытып қалған жағдайлар да кездеседі. Мұндай кезде ForteBank-тің кез келген банкоматында қолжетімді Cash by code функциясын қолдануға болады.

Қолыңызда картаңыз болмаған күннің өзінде қазақстандықтар банктің мобильді қосымшасын пайдалану арқылы банкоматтан ақша шешіп ала алады. Ол үшін картасыз ақша алу қызметі сізге арнайы СМС-код жібереді. Сол кодтың көмегімен ForteBank-тің кез келген банкоматынан банк картасындағы қаражатыңызды шешіп ала аласыз.

ForteDay жаңа өнім, жаңа қызмет, жаңа мүмкіндікке жол ашты

©ForteBank

Жалпы, қазіргі таңда ForteBank-тің мобильді қосымшасында 350-ден астам қызмет түрі қолжетімді. Мұнда ай сайын 1769751 транзакция жасалады. Банк қызметкерлері тұтынушылардың қауіпсіздігі мен ақапартқа қолжетімділігін қамтамысз ету мақсатында түрлі қызметтер мен өнімдер жасап жатыр. Жақында ғана өткен ForteDay таныстырылым шарасы көпшілікке беймәлім қызмет түрлері туралы толық ақпарат берді. Банктің басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили биыл алғаш рет өтіп отырған ForteDay шарасын жылына екі рет өткізуді жоспарлап отырғандарын және бұл шарада жаңа қызметтер мен өнімдерді таныстыруды дәстүрге айналдыратындарын айтты.