Төреқұлов оқулары. Қазақтың тұңғыш дипломатының мерейтойы аталып өтті

Конференция жұмысына мемлекет және қоғам қайраткерлері, шетелдік дипломатиялық миссиялардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

Дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері әрі ғалым-шығыстанушы Нәзір Төреқұлов мұраларын тереңірек зерттеп зерделеуді мақсат еткен конференцияда қазіргі заманғы халықаралық қатынастар мен Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының өзекті мәселелері талқыланды.

Конференция келесі секциялар бойынша жұмыс істеді: Нәзір Төреқұловтың Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қалыптасуына қосқан үлесі және қазіргі заманғы дипломатия; XXI ғасырдағы халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері; Жаһандану дәуірінде сандық дипломатияның ролі және халықаралық қатынастардың заманауи жүйесіндегі экономикалық дипломатия.