Президентіміздің конфессияаралық және ұлтаралық қатынастар саласындағы саясаты

Бұрынғы кеңестік елдерде қақтығыстар мен соғыстар орын алып, елдегі тұрақтылық шайқала бастаған кезде ұлтшылдыққа – толеранттылықпен, экономикалық өктемдікке – ашық және еркін нарықпен жауап қатқан,  радикализмге кез келген дінге оң көзбен қарайтын ахуал сыйлаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаты жоғары тұрды.

Осылайша Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап ұлттар мен діндер арасында өзара қарым-қатынастың тұрақты моделі пайда болды. Елбасы атап көрсеткпендей: «Азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Бейбіт өмір мен келісім, мәдениеттер және діндер диалогі көпұлтты елімізде әлемдік эталон деп танылып, лайық бағасын алған».

Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық етуі туралы шешімнің шығуына әсер еткен айқын факторлардың бірі – мемлекетіміздің басшылығымен жүргізілген теңдестірілген этносаралық және конфессияаралық ішкі саясат.

Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған бағытын басшылыққа ала отырып, адам және әлеуметтік топтардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен еркіндігін құрметтеу, жеке құқықтарын және қауіпсіздігін қорғау принциптерінен келіп туындайды.

Сондықтан елімізде конституциялық орган – Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыс істейді. Әлемдік діндердің құрылтайы және әлемдегі жетекші конфессиялардың жиналысы жиі-жиі өтіп тұрады. Мұндай жиындар арқылы ұлттық, өңірлік және тіпті бүкіл әлемдік, дінаралық келісімге қолдау көрсетуде маңызы зор.

Елбасының бұл саясаты полиэтникалық және поликонфессионалды Қазақстан жағдайында өз тиімділігін көрсетіп қана қоймай, уақыт өте келе дұрыстығын да көрсеткен. Қасиетті сөздермен де расталатын тұрақтылық, көріп отырғанымыздай, елдің қарқынды дамуының басты шарты болып табылады.

Ислам дінінде мемлекеттегі тұрақтылық нан мен судан да жоғары делінеді, себебі тұрақтылық пен тәртіп болмаған жағдайда қантөгісті тартыстар мен соғыстар белең алып, халықта не нан, не су болмайды. Тұрақтылық бұл жағдайда бар жақсылық пен гүлденудің кепілі.

Мемлекеттің күші сондай-ақ алға ілгерілеп отыру үшін қоғамның модернизациялануын үйлестіре отырып, тарих пен салт-дәстүрді сақтап, оларға құрмет көрсетуде жатыр. Сол себептен де болар, Президентіміз мәдениетіміз бен ұлттық кодымызды сақтап қалу үшін «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын жасады.

Мемлекет басшысы тарихы пен ұлттық кодты ұмытпай, жаңа дәуірдің тек жақсысын ғана ала отырып, инновациялы көшбасшысы болуға талпыну керектігін, күнде өзгеріп жататын жағдайларға өзіңді бейімдеу арқылы өзгеруге шақырады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты өзгеріссіз үштікте құрылады: ұлттық ішкі «Менін» сақтап қалу үшін тарих пен салт-дәстүрге құрмет; мемлекеттегі тұрақтылық ел дамуының кепілі және негізі; және технологиялық революция дәуіріне сенімді түрде қадам басу үшін қоғамның жаңғыруы.

Бұл процесте діни институттарға да орын берілген, себебі бұл үштікте олар маңызды орын алады:

— тарихымыз бен салт-дәстүрімізге құрмет көрсету және оларды сақтап қалуда, біздің жағдайда, ислам діні қазақстандықтардың ұлттық санасының басты құрылымы болып табылады. Ел тарихы мен салт-дәстүрі уақыт өте келе ислам дәстүрімен тығыз байланысып, ислам өркениетінің ажырамас бөлігі — мұсылман дінінің өңірлік сипатына ие болған;

— қазіргі таңдағы қақтығыстар, әсіресе Таяу Шығыс елдеріндегі қақтығыстардың діни астары бар болғандықтан, елдегі тұрақтылықты сақтау үшін діни институттардың рөлін жоққа шығаруға болмайды. Себебі діни проблемаларға дұрыс жол таппау елімізде үлкен қақтығыстар туындатуы мүмкін, ал дінді дәстүрлі принциптермен үйлестіре отырып ұтымды пайдалану мемлекет дамуына, нақтырақ айтқанда, қоғамды адамгершілік пен этикалық тұрғыда тәрбиелеугеықпал етеді.

— сонымен қатар модернизция жағдайларында дін ұлттық дәстүрлердің маңызды элементі бола отырып, жаһанданып жатқан әлемде ұлттың генетикалық кодын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Сол себепті де елбасының тұрақты концептілерге құрылған, «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту», «Ұлы Дала» және «Мәңгілік Ел» сияқты стратегиялық құжаттарда жан жақты қамтылған теңгерімді саясаты Қазақстанның табысты экономикалық және саяси дамуының кепілі, сонымен қатар конфессияаралық және ұлтаралық қатынастар саласындағы тұрақтылықты сақтаудың негізі болып табылады.