Министр білімді жастардың не себепті шетелге кетіп жатқанын түсіндірді

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мәжілістегі отырыстың сыртында елден білімді жастардың кетіп қалуы жөнінде пікір білдірді.

Өздеріңізді олардың орнына қойып көріңіздер. Сіздерді ол жақта не қызықтыруы мүмкін? Жоғары жалақы ғана емес қой. Бұл оларға бір челлендж сияқты. Егер тәжірибе жинау мүмкіндігі болса, ол мына жақта жақсы табыс табуы мүмкін. Бұл жерде біз қандай да бір проблеманы байқамаймыз. Ал егер жастар осында жұмыс істеп, кейін шетелге барып тәжірибе жинап, елге жаңа біліммен қайтып жатса, онда оны құптауға болады, ондай жақсы мысалдар бар, — деді министр.

Дәурен Абаевтың айтуынша, білімді жастардың елден кетіп қалуы — бүкіл әлемде болып жатқан жағдай.

Талапты жастарды шаңсорғыштай сорып жатқан бірнеше ел бар. Иә, олар барлық жерден білімді жастарды өзіне жинап алады. Қытай мұндайға белгілі бір деңгейде тосқауыл қоя алды. Өздерінің трансұлттық компанияларын, Huawei-ды дамыту есебінен. Huawei-де жұмыс істеу Google-да жұмыс істеуден әсте кем емес. Сондыұтан қытай мамандары жаппай елге қайта бастады. Жалақы да жақсарды, — деді Дәурен Абаев.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Қазақстан күндердің күнінде талантты жастарын шетелден қайтарып алады деген сенім білдірді.

Бүгінде «Қазақтелеком», «Транстелеком» сияқты біздегі компаниялар ұсынатын өнімдер белгілі бір деңгейде тиісті талаптарға сай екенін түсінулеріңіз керек, — министр.

ДереккөзZakon.kz