Алматы қаласының әкімдігі шаһардағы A-Parkіng мекемесінің шаһар басшысы Бауыржан Байбек пен оның туыстарына тиесілі деген жалған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы әкімдігі қала тұрғындарына ыңғайлы транспорттық орта қалыптастырып, экологиялық жағдайды реттеп, көлеңкелі экономиканың төмендеуіне жағдай жасап, тұрғындардың ыңғайлы өмір сүруі үшін көлік реформасын жүргізуде.
A-Parkіng қызметі де қолма-қол ақшасыз төлем түрінің дамуына септігін тигізеді. Ал бұл міндет «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында көрсетілген болатын.
A-Parkіng компаниясының 70 пайызы жекеменшікте болса, 30 пайызы мемлекетке тиесілі. Қалалық қаржы басқармасы компанияның 70 пайыздық үлесін (жалпы құны 131,8 млн. теңге) сатып алушыны анықтау үшін ашық байқау ұйымдастырған болатын. 2016 жылдың мамыр айында арнайы конкурс жарияланып, конкурсқа 4 компания қатысқан еді. Соның ішінде біреуі шетелдік компания болатын. Нәтижесінде 4 компанияның арасынан серіктес ретінде RR2 ЖШС таңдалды.
Айта кету керек, Алматы Люблян қаласында өткен форумда көлік саласында кешенді реформаны тиімді жүзеге асырғаны үшін «ақылды қала» ретінде марапатталған болатын. Байқау барысында қалада цифрлық технологияларды пайдалану, табысты көлеңкелі айналымнан шығару, қоғамдық кеңістікті қайта жаңғырту арқылы экологиялық ахуалды жақсарту көрсеткіштері бағаланған еді.