Басты бетЖаңалықтарАлматылық студенттердің...

Алматылық студенттердің әлеуметтік жағдайы басты назарға қойылған

ҚазҰУ «Президенттің бес әлеуметтік бастамасындағы» үшінші бастаманы бұлжытпай орындап келеді.

Үшінші бастамада жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту міндеттелген еді.

Алматылық меценаттар адами капиталға инвестиция құя отырып ҚазҰУ-ды еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын сәтті серіктес деп қабылдайды.

Университетте студенттерге арналып тұтас бір әлеуметтік қолдау кешені жүзеге асырылып жатыр. Ақылы бөлімде үздік оқитындарға, сонымен бірге әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасы студенттеріне оқу ақысын төлеуде 10-нан 25%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Жыл сайын университеттің ғылыми зерттеулерін қаржыландырудан 10%, яғни 400 миллион теңге магистранттар мен докторанттарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға бөлінеді.

Университетте «Әл-Фараби» олимпиадасының жеңімпаздарын және мемлекеттік білім грантын жеңе алмаған «Алтын белгі» иегерлерін тегін оқыту қарастырылған.

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуде жастардың тегін білім алуы үшін гранттар санын көбейту қажеттігі айтылған еді.