Алматыда Al-Farabi SmartUniversity блог-туры өтеді

Блог-тур 29-30 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында басталады.

Блогерлер әл-Фарабидің қайырымды қала туралы іліміне және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасындағы Smart city бастамасына негізделген Al-Farabi university – smart city ғылыми-инновациялық даму моделімен танысады.

Екі күндік бағдарлама аясында блогосфераның танымал өкілдерімен кездесулер, көрнекті ғалымдар, кәсіпкерлер, журналистер дәріс оқиды. Ауғаныстан ислам республикасының Алматыдағы бас конульдігінің өкілі, мәдениет қайраткері Мохаммад Эхтияр Хамзан сөз сөйлеп, Қазақстандағы танымал интернет порталдардың өкілдері мен блогерлер шеберлік сағатын өткізеді. Блогерлер университет кампусымен танысады. Онда өңірлерден келген жас журналистер, блогерлер қатысады.

Университеттің жаңа моделі технологиялық және рухани-танымдық платформаларды қалыптастырады. Ақылды университеттер – интелектуалды ұлт кепілі, Smart-қалалар, ақылды ел негізі, — дейді бас ұйымдастырушы, журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Сұлтанбаева.

Айта кетейік, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында Smart city бастамасының  инфрақұрылымын жетілдіру арқылы қолайлы қалаларды құруға бағытталған шараларды іске асыру тапсырылған еді.